Ссылки доступа

Ашхабадта жүргізушілерге көліктеріне тұмар тағуға тыйым салып жатыр


Ашхабадтың көлік полициясы көліктеріне түрлі тұмар ілетін жүргізушілерді тоқтатып, оларға 50 манат көлемінде айыппұл салып жатыр.

Гелдимырад есімді жүргізуші Азаттықтың түрік қызметіне өзін көлік инспекторы өткен жексенбіде тоқтатып, ережені бұздың деп 50 манат айыппұл төлеткізгенін айтады.

"Сағат 11-лер шамасында инспектор мені тоқтатып, көлігімнің салонынан тіл-көзден сақтайтын тұмарларды алып тастауымды талап етті. Полиция сонымен бірге көлікте "Аллах құтқар" деген секілді жазулар болмауын ескертіп, маған 50 манат айыппұл салды", - дейді Гелдимырад.

Көлік жүргізушілердің айтуынша, полиция көлік салонындағы түрлі тұмар, ойыншықтар адамның назарын аударып, жол апатына себепкер болады деп түсіндіріп жатыр екен.

XS
SM
MD
LG