Ссылки доступа

Бішкек шекара кезегінен шығын көрген бизнеске қолдау көрсететінін мәлімдеді


Қырғызстан үкіметі Қазақстанмен арадағы шекарада ұзақ тұрып қалып, шығын көріп жатқан кәсіпкерлерге қолдау көрсету жөнінде қаулы қабылдады. Бұл жөнінде елдің премьер-министрі Сапар Искаков мәлімдеді.

Құжатқа сәйкес, шекарада ұзақ тұрып, жүктері шығынға ұшыраған кәсіпкерлер мен тасымалдаушылар салықты өсімсіз кешіктіріп төлей алады.

Қазақ-қырғыз шекарасындағы дау 10 қазанда туындады. Қырғызстан тарабы халықаралық конвенцияны бұзып отыр деп Қазақстанды айыптайды.

Қырғызстанда президент сайлауы алдында Алмазбек Атамбаев ішкі ісімізге араласып отыр деп Қазақстан билігін сынға алған.

Қазақстан шенеуніктері болса, бұл даудың артында саяси астар жоқ дейді. Екі мемлекет те ЕАЭО мүшесі. Бұл одаққа Ресей, Беларусь және Армения елдері кіреді.

Очереди на границе Казахстана с Кыргызстаном
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:46 0:00

XS
SM
MD
LG