Ссылки доступа

Түрік компаниясы Өзбекстанда логистикалық кешен салады


Түріктің Gentes Yapi ve Endustry Tesisleri Ltd Sti компаниясы Өзбекстанда логистикалық комплекс салуды қолға алып жатыр. Бұл жөнінде "Өзбекозиковкатхолдинг" компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Өзбек және түрік тарабы көкөніс өнімдеріне арналған ірі терминал салуға келіскен. Бұл кешеннің мақсаты өңделген ауыл шаруашылық өнімдерін ТМД елдеріне экспорттау.

Жоба аясында 125 тоңазтқыш қойма мен 75 қойма, сонымен бірге жүкті түсіру алаңы салынады.

Бұл жобаны тағы бір пысықтау үшін түрік делегациясы қараша айында Өзбекстанға келеді.

XS
SM
MD
LG