Ссылки доступа

Ауғанстанда ондаған полицей тәлібтердің шабуылынан қаза тапты


Ауғанстан билігі елдің оңтүстік-шығысындағы бақылау-өткізу бекетінде "Тәлибан" қозғалысы содырларының шабуылынан кемінде тоғыз полицей қаза тапты деп мәлімдеді.

Газни провинциясы губернаторының баспасөз хатшысы Ариф Нури 30 қазанда жасалған шабуылдан төрт полиция қызметкері жарақат алды деді. Нуридің ақпараты бойынша, жеті сағатқа созылған атыс кезінде жеті содыр қаза тапқан.

"Тәлибан" қозғалысы бұл шабуылды мойнына алды.

30 қазанда Ауғанстанның солтүстігіндегі Бағлан профинциясының полиция басшысы Мухаммад Али содырлар алдымен полиция ғимаратын шабуылдағанын хабарлады. Оның сөзінше, жиырма шақты содыр атыс кезінде өлтірілген.

XS
SM
MD
LG