Ссылки доступа

Тәжікстанда кәмелетке толмағандардың некесі көбейген


Тәжікстанның ІІМ соңғы 9 айда ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын тұрмысқа берген 41 оқиға кездескенін мәлімдеді. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3 пайызға көп екен.

ІІМ дереккөзі негізінен Соғды және Хатлон облыстарында 18-ге толмаған қыздарды тұрмысқа беру жиі кездесетінін айтады.

Восей ауданының тұрғыны Дилафруз Саидова 16 жастағы қызын тұрмысқа берген. Ол бұл ісін төрт баланы жалғыз асырау қиын болды деп түсіндірген. Оның айтуынша, күйеуі Ресейде жұмыс істейді. Жылына бір-ақ рет келеді.

«Біз қиын жағдайда тұрдық. Қызымның көршінің ұлын жақсы көретінін білдім. Мен жұрттың неше түрлі қауесет таратуын қаламадым. Қызым 16-ға толды. Бірақ ол мектепке бармады. Мен қызымды тұрмысқа беремін деп сотқа хат жаздым. Бірақ сот ұзақ уақыт бойы жауап бермеді. Біз бәрібір той жасадық», - дейді Дилафруз.

Дилафруз қазір қызының бақытты екенін айтады. Бірақ бұл әйел қазір тергеушілердің сұрақтарына жауап берумен жүр. Тәжікстан заңына сәйкес, ол екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG