Ссылки доступа

Әлемдің БАҚ-қа шолу: Манафорттан каталониялықтардың қашуына дейін


Әріптестерімізге және жазылушыларға жаңа өнім – БАҚ-қа шолуды ұсынамыз. Шолуда әлем баспасөзінде талқыланған маңызды тақырыптарды біле аласыздар. Осындай шолуды тұрақты алып тұру сізге пайдалы ма? Егер қызық әрі пайдалы болса, бізге жазыңыздар.

АҚШ президенті сайлауалды штабының бұрынғы басшысы Пол Манафор федералды билікке өз еркімен берілгеннен кейін, Дональд Трамптың экс-кеңесшісі Джордж Пападополус Кремльге жақын орыстармен байланысқанын жасырып, жалған куәлік бергені үшін өзінің кінәлі екенін мойындады деп жазады The Guardian. Джордж Пападопулос ФБР агентіне жалған арыз жазып, АҚШ 1001 Кодексінің 18-бабын бұзғанын мойындады.

Трамп кампаниясының бұрынғы кеңесшісі былтыр көктемде Washington Post-тың жазуынша, Джозеф Мифсуд деген профессордың араласуымен «Владимир Путиннің немере қарындасы» деп таныстырған әйел адаммен кездескен. Пападопулостың сөздерінше, профессор оған Ресейде Хиллари Клинтонға қатысты «лас» ақпарат бар. Бұл — «мыңдаған электронды хат» жайында деп жазады The Guardian. Джордж Пападопулос арнайы прокурор Роберт Мюллердің "қаһарына" іліккен үшінші шенеунік. Ол «Ресей мен Доналдь Трамп кампаниясы арасындағы байланысты» зерттеп жатыр.

Франция президенті Эммануэль Макрон «терроризммен күрес жөніндегі даулы заңға қол қойды», бұл заң төтенше жағдай аяқталатын сәрсенбі күні күшіне енеді деп хабарлайды Frankfurter Rundschau. Францияда төтенше жағдай режимі 2017 жылдың 1 қарашасында жойылады. Басылым „Бұл заң әрі қарай азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді“ деген Франция басшысының сөздерін келтірген. 2015 жылдың 13 қарашасында Парижде теракті болғаннан кейін сол кездегі президент Франсуа Олландтың ұсынуымен Францияда төтенше жағдай жарияланған.

«Үлкен реформа жасауға уәде берген Apple және Facebook басшылары Си Цзиньпинге қалай барды», бұл New York Times газетінде жарияланған мақала тақырыбы. Онда «жарты құдай» мәртебесі берілген Қытай басшысы Дональд Трамптан үлгі алып, Бейжіңге АҚШ-тың беделді бизнесмендерін шақырғаны айтылған. Халықтық қабылдау үйінде Apple компаниясының басшысы Тима Кука, Blackstone Group жетекшісі Стивен Шварцман және Facebook негізін қалаушы Марк Цукерберг болған. Си Цзиньпин Қытай мен АҚШ арасындағы инновациялық, экономикалық қарым-қатынас пен ғаламдасу жайында айтқан. Бұл қытай коммунистерінің съезінде Си Цзиньпинді Қытай тарихындағы мәңгілік тұлғалар Мао Цзэдун мен Дэн Сяопинге теңестіргеннен кейінгі халық алдына шығып сөйлеген бірінші сөзі болды деп атап өтеді басылым. New York Times бұл қабылдаудың АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытайға сапарынан бір апта бұрын болғанын еске салған.

Испания билігі каталониялықтардың тәуелсіздігіне ұмтылған лидерлерге қарсы қылмыстық іс қозғағаннан кейін, Каталония басшысы Карлес Пучдемон мен жоғарғы лауазымды бес шенеунік аймақтан қашып кетті деп жазады Еl Pais. Пучдемон мен бұрынғы министрлер алдымен Марсельге көлікпен барған, ол жақтан Брюссельге ұшып кеткен. Көптеген каталондықтар «Карлес Пучдемон Мадридпен шиеленісте ерік-жігер таныта алмады деп есептейді», деп жазады Washington Post. Ал каталондық саясаткерлер болса, Пучдемон қашып кеткеннен кейін, Мадрид жоспарына сәйкес 21 желтоқсанда аймақтық сайлау өткізуге келісім берген.

XS
SM
MD
LG