Ссылки доступа

Өзбекстан имамдары Мирзияевтан азанды дауыс ұлғайтқыш арқылы шақыруды сұрайды


Әлеуметтік желілердің өзбек сегментінде имам-хатибтардың Ташкенттің «Шейх Зайниддин» мешітіндегі жиналыстары кеңінен талқыланып жатыр. Жиналыста имамдар билік таяу уақытта мешіттерде азан шақыруды дауыс ұлғайтқыш арқылы айтуға рұқсат беруі мүмкін деп үміт еткен.

Azon.uz сайты жиналыста болған дереккөзіне сүйеніп, өзбек имамдары бір ауыздан азанның дауыс зорайтқыш арқылы шығуын қолдаған.

«Талқылау барысында имамдар тіптен Мәскеудің өзіне мешіттерде азан дауысы қатты шығатынын алға тартқан. Енді бірі Өзбекстандағы православ шіркеулерінде қоңырау да қатты соғылатынын айтқан. Кейбір имамдар күш - қайраты тасыған президент Шавкат Мирзияев оң шешім шығарар деп үміт артқан», – деп жазады Azon.uz басылымы.

Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары шейх Абдулазиз Мансүр мемлекет басшысына өзбек әйелдері мен қыздарына мұсылман орамалын тағуға, азанды дауыс зорайтқыш арқылы шақыруға және мектептерде "дінге кіріспе" сабақтарын жүргізуге рұқсат сұрап хат жазғанын айтады.

«Қазір біз жауабын күтіп отырмыз. Өткен жылы елде көптеген жақсы өзгерістер болды. Әлі де көп болсын деп құдайдан сұраймыз», – деді шейх Абдулазиз Мансур.

Өзбекстанда азанды дауыс ұлғайтқыш арқылы шақыруға ешкім тыйым салмаған. Бірақ Ислам Каримов билеген тұста жазылмаған тыйымдар болған.

XS
SM
MD
LG