Ссылки доступа

Мәскеу: латынға көшу — Қазақстанның ішкі шаруасы


Ресейдің сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасин қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латынға көшу жөніндегі шешіміне, "бұл Қазақстанның ішкі шаруасы" деп түсініктеме берді деп хабарлайды ресейлік жаңалықтар агенттігі.

«Менің ойымша, біздің ұстанымымыз байсалды. Әрбірден кейін, қандай деңгейде, қандай тіл пайдаланады, бұл Қазақстанның ішкі шаруасы», - деп мәлімдеді Карасин «Россия-24» телеканалына берген сұхбатта.

Карасиннің пікірінше, қазір аудармаға байланысты аса қиындық жоқ. «Мен екіжақты қарым-қатынасты қалай ыңғайлауда, орыс тілін жаңа латын әліпбиіне сәйкестендіруде ортақ шешім табатынына сенемін», - деп атап өтті дипломат.

Қазақстандағы Ресей елшісі Михаил Бочарников екі ел депутаттарының кездесуі барысында, Ресей егеменді Қазақстанның мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру туралы шешімін түсіністікпен қабылдайды деп мәлімдеген болатын.

Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латынға көшіру туралы шешім 27 қазанда шешілген. Үкіметке латынға көшіруді кезекпен 2025 жылға дейін жүзеге асыратын Ұлттық комиссия құруды тапсырды.

XS
SM
MD
LG