Ссылки доступа

Ауғанстан басшысы жаңа темір жол желісі құрылысын талқылау үшін Өзбекстанға барады


Ауғанстан басшысы Ашраф Ғани ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумға қол қою үшін Өзбекстанға барады деп хабарлайды ауған ақпарат құралы.

Талқыланатын басты тақырыптың бірі - темір жол саласындағы ынтымақтастық болмақ. Мәселе Мазари-Шарифтан Балх провинциясына дейін темір жол желісін салу.

Өзбекстан бұл жобаның жүзеге асуына қызығушылық білдіріп отыр деп атап өтеді Talonews Ауғанстанның темір жол департаментіне сілтеме жасап.

Ауғанстанның темір жол әкімшілігі басшысының орынбасары Абдул Бари Седдики жобаны жүзеге асыру Өзбекстанға Иран портына тікелей баруға мүмкіндік береді деген.

Бұл жоба сонымен бірге Өзбекстан, Ауғанстан, Қырғызстан, Иран және Қытай арасында сауданы кеңейтеді.

XS
SM
MD
LG