Ссылки доступа

Саратов түбінде ірі жол апаты болды: 5 тәжік азаматы қаза тапты


Ресейде Саратов түбінде болған ірі көлік апатынан бес тәжік азаматы қаза тапты. Мәскеудегі Тәжікстан елшілігі біреуінен басқа қайтыс болғандардың жеке басы анықталды деп хабарлады.

Саратов облысы полициясы 30 қазанда Саратов - Нижний Новгород тас жолында шағын автобус пен КамАЗ соқтығысқанын хабарлаған. Шағын автобуста негізінде Тәжікстан азаматтары болған. Алдын ала тергеу нәтижесі бойынша, апат жүк көлігі жүргізушісінің кінәсінен болған: КамАЗ шағын автобусқа жол бермеген. Ал шағын автобус жылдамдығы сағатына 150 шақырым болған.

Жол апатынан шағын автобустың екі жолаушысы сол мезетте қаза тапқан. Үшеуі ауруханаға жеткізілгеннен кейін көз жұмған. Алтауы қазір Петровск және Саратов ауруханасында жатыр.

Ресейдегі Тәжікстан елшілігінің хабарлауынша, Volkswagen Caravelle шағын автобусында Тәжікстанның 11 азаматы болған. Көлік жүргізушісі 21 жастағы Суннатулло Джураев те қаза тапқан. Алдын ала мәлімет бойынша, тәжікстандықтар мінген көлік Қазақстанға жол тартқан.

XS
SM
MD
LG