Ссылки доступа

Қырғызстанда шекара аумағына кіруге рұқсат беру үш күнде қаралатын болды


Қырғыз үкіметі азаматтарға шекараға жақын аймақтарға кіруге және жүруге рұқсат беру мерзімін қысқартты.

Қырғыз үкіметінің ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің хабарлауынша, премьер-министр Сапар Исаков елдің шекара аумағында ауыл шаруашылығымен және басқа да іспен айналысатын азаматтарға бұл аумаққа кіруге рұқсат алу мерзімін қысқартып, жеңілдік жасау жөніндегі қаулыға қол қойған.

Ақпаратқа қарағанда, азаматтар арызы түскен уақыттан үш күн ішінде рұқсат беріледі. Осыған дейін арызды қарау тоғыз күнге созылған.

Құжат Ұлттық қауіпсіздік қызметі тарабынан бір жұмыс күні ішінде тексеріледі және сол күні рұқсат беру немесе бермеу туралы шешім шығарады.

Рұқсат қағазын алған азаматтар құжатты шекара қызметіне көрсетуі керек болады.

XS
SM
MD
LG