Ссылки доступа

Украинада ІІМ басшысының ұлы коррупциялық күдікпен ұсталды (видео)


Украинаның Ұлттық антикоррупциялық бюросы ішкі істер министрі Арсен Аваковтың ұлы Александрды Ұлттық гвардия үшін арқа қоржын (рюкзак) сатып алу кезінде ақша жымқырды деген күдікпен ұстады. Онымен бірге министрдің бұрынғы орынбасары Сергей Чеботарь де қолға түскен.

Осыған дейін билік мекен-жайда күдіктілерге тінту жүргізіліп жатыр деп хабарлаған, ал әлеуметтік желілерде ішкі істер министрінің ұлы Александр Аваковтың үйіне тінту жүргізілген суреттер жарияланды.

2015 жылдың басында ІІМ Ұлттық гвардия үшін алты мың иыққап сатып алынған. Тендерді ұтып алған "Днипровенд" фирмасы әрбірінің бағасы 100 доллардан тұратын 5 мың арқа қоржын жеткізу керек болған.

Сот материалы бойынша, арқа қоржындарды мемлекеттік сатып алу өте қымбат бағаға жүргізілген. Ал тауарды тиісінше жеткізбеген. ​Тергеушілер ІІМ өкілдері "Днипровенд" фирмасымен жалған келісім жасаған дейді. Себебі "Днипровенд" ешқандай шаруашылық істермен айналыспайтын болып шыққан әрі ешқандай арқа қоржын тікпеген.

Тергеу ісінің мәліметі бойынша, ішкі істер министрінің ұлы Александр Аваков пен ІІМ басшысының бұрынғы орынбасары Сергей Чеботарға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Олардың сөйлескен видеосы 2016 жылдың ақпан айында интернетте жарияланып кеткен болатын.

Ішкі істер министрлігі болса, антитеррорлық операцияға арналған арқа қоржындарды сатып алу процесі таза әрі әділ өтті деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG