Ссылки доступа

Нью-Йоркте теракт жасады деген күдікті Сайфулло Саипов ұсталды (видео)


АҚШ-та теракт жасады деген күдіктіге қатысты ақпараттар шығып жатыр. Нью-Йорктің Манхэттен ауданында жүк көлігі велосипед жолағында жүрген ондаған адамды қағып кеткен. Жергілікті полиция кем дегенде cегіз адамның мерт болғанын, он адамның жарақат алғанын хабарлады. Алты адам оқиға орнында, екі адам ауруханада көз жұмған.

Терактіні жасады деп 29 жастағы Сайфулло Саипов күдікке ілінді. 2001 жылдың 11 қыркүйегінде теракт нысаны болған Дүниежүзілік сауда орталығы жанында болған бұл оқиға да террорлық акті ретінде бағаланды. Жүк көлігінде өзінің ИМ тобына берік екенін білдірген хат табылған.

Шабуыл жасаған жүк көлігі жол жиегінде тұрған оқушылар автобусымен соқтығысқан. Көлік кабинасынан ер адам шыққан. Қолында тапаншаға ұқсаған зат болған. Полиция оған қарсы оқ атқан. Күдікті жараланып, ауруханаға жеткізілген. Оған операция жасалған.

Оқиғаны ФБР зерттеп жатыр.

Алдын ала ақпарат бойынша, Саипов АҚШ-қа Өзбекстаннан бірнеше жыл бұрын келген. Флоридада және Патерсонның Нью-Джерси қаласында тұрған. Ол көлікті жалға алып, теракт жасаған. Оның террорлық топпен байланысы болды ма, жоқ па, зерттеліп жатыр.

АҚШ президенті Дональд Трамп қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, "Біз ИМ секілді террористік ұйымдарға елімізде кіруіне жол бермеуіміз керек. Жетер енді!",- деді.

В результате инцидента с грузовиком в Нью-Йорке погибли несколько человек
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:27 0:00

XS
SM
MD
LG