Ссылки доступа

Тәжікстанда әлемдік деңгейдегі сапалы жол салынады (видео)


Тәжікстанның екі ірі қаласы - Душанбе мен Қорғантөбе қалаларын жалғастыратын күре жол салынады. Онда отарды қауіпсіз өткізетін орын, жаяу жүрушілер жолы, автобус аялдамалары және күн батареялары болады. Мұндай жол Тәжікстанда алғаш рет салынады.

Республиканың ең ірі қалаларын жалғастыратын бұл жолда күн сайын мыңдаған көлік жүріп өтеді. Қазір бұл жолдың басым бөлігі жарамсыз күйге түскен.

"Автокөлікті екі-үш ай сайын жөндеуге тура келеді. Жолдың жамандығынан солай болып тұр", - дейді жеке кәсіпкер.

Тәжікстан билігі жаңа жол құрылысы жақында басталады деп уәде берді. Азия даму банкі бұл жолбаға 65 млн. доллар несие бөлді. Қаражаттың қалған бөлігін үкімет бөледі.

XS
SM
MD
LG