Ссылки доступа

Путиннің Иранға сапарында Сирия және мұнай мәселесі талқыланбақ


Ресей президенті Владимир Путин 1 қарашада Тегеранға жасайтын сапарында Иран президенті Хассан Роуханимен және рухани көсемі аятолла Әли Хаменеимен кездеседі. Кремльдің хабарлауынша, кездесуде Сириядағы дағдарыс және энергетика саласындағы ынтымақтас мәселелері талқыланбақ.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков 31 қазанда өткен баспасөз конференциясында "келіссөз күн тәртібінде Сирия мәселесі тұратынын" хабарлады.

Ресей мен Иран Сириядағы алты жылдан асқан соғыста Сирия президенті Башар Асад үкіметін қолдайды. Ал Түркия мен АҚШ түрлі көтерлісшіл топтарға қолдау көрсетеді.

Песков Путин Иранға жұмыс сапарында Хассан Роуханимен және Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпенүш жақты келіссөз өткізетінін де айтты. Өткен жылы Әлиевтің ұсынысымен Бакуде осындай үш жақты кездесу өткен.

XS
SM
MD
LG