Ссылки доступа

Әлішер Усмановқа тиесілі MegaFon компаниясы Uzmobile'мен келісімге отырды


Миллиардер Әлішер Усмановқа тиесілі MegaFon ұялы байланыс операторы Өзбекстанның ұлттық Uzmobile мобильді байланыс операторымен келісімге отырды, деп хабарлады жергілікті ақпарат құралдары.

"Бұл арқылы екі оператор да өз абоненттеріне ұсынатын қызмет ақысын төмендете алады", - деп хабарлады өзбек компаниясының баспасөз қызметі.

Uzmobile 2015 жылы Ташкентте GSM желісін іске қосты. Бұған дейін ол CDMA-450 EV-DO стандартымен жұмыс істеп келген.

Қысқа уақыт ішінде ол өз абоненттеріне түрлі тариф жобаларын ұсынды. 2015 жылдың соңына таман Uzmobile GSM республиканың барлық облыс орталықтарын қамтыды. Компания келесі жылдың соңына дейін Өзбекстанның барлық аймақтарын 4G LTE желісімен қамтуды көздеп отыр.

XS
SM
MD
LG