Ссылки доступа

Иран мен Түркия сириялық келіссөздер жөніндегі Ресей жоспарын қолдайды


Түркия мен Иран сириялық үкімет пен оппозиция өкілдерінің келіссөздерін Сочи қаласына ауыстыру туралы Ресей ұсынысын қолдады.

Конгресті өткізу жөніндегі ұсыныс 30-31 қазанда Астанада Сирия келіссөздерінің жетінші раундында жасалды.

Ресей сыртқы істер министрлігінің сайтында "Сирия ұлттық диалогы конгресіне" шақырылған сириялық 33 ұйымның тізімі тұр, онда бұған дейін бейбіт келіссөздерге қатыспаған күрд топтары бар.

Сирияда алты жылға созылған азаматтық соғыста Ресей мен Иран президент Башар Асад үкіметін қолдайды. Түркия бірқатар қарулы оппозициялық топты жақтайды.

XS
SM
MD
LG