Ссылки доступа

Сотталған «Ата Мекен» лидері Өмірбек Текебаевты депутаттық мандатынан айырды


Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) ақпарат бөлімі 1 қарашада «Ата Мекен» фракциясы атынан Жогорку Кеңеш депутаты Өмірбек Текебаевтың депутаттық мандатын мерзімінен бұрын алу туралы шешім қабылданғанын жариялады.

Жогорку Кеңеш депутатының өкілеттігі жөніндегі заңға сәйкес, айыптау үкімі заңдық күшіне енгеннен кейін, 30 күн ішінде депутаттық мертебесінен айырылуы тиіс.

Бұл шешім адвокаттардың Өмірбек Текебаевтың депутаттық мандатынан айыру процесін тоқтата тұру туралы ұсынысына қарамастан, қабылданды.

Бішкек Бірінші май аудандық соты 16 тамызда Өмірбек Текебаев пен оның әріптесі Дуйшенкул Чотонов «Мегаком» компаниясы ісіне байланысты әрқайсысы 1 млн доллар пара алды деген айыппен 8 жылға соттап, дүние-мүлкінен айырған.

Сотталушылар болса, өздерін қуғындаудың артында саясат барын айтады. Өмірбек Текебаев «Ата Мекен» партиясының лидері.

XS
SM
MD
LG