Ссылки доступа

Тәжікстанда екі тергеуші пара алып жатқан жерінен ұсталды


Тәжікстанда Хамадони ауданы милициясының екі қызметкері құны 90 доллар тұратын велосипед ұрлады деп айыпталған жас жігіттен 1 мың доллар пара алып тұрған жерінен ұсталды.

Тергеушілер Абдусамад Розиков пен Шерхон Мажидов 28 қазанда жұмыс бөлмесінде 8 мың сомони (1 мың доллар шамасында) пара алып тұрғанда, антикоррупциялық агенттік қызметкерлері тарапынан ұсталған.

Бұл оқиғадан кейін аудандық милиция басшысы былтыр ғана тағайындалған Хайриддин Жаффарзода қызметінен алынды.

Тергеу ісіне жақын дереккөздің айтуынша, тергеушілер күдіктіден 10 мың сомони талап еткен. Болмаған жағдайда, қылмыстық іс қозғаймыз деп қорқытқан. Жас жігіт тек 8 мың сомони тауып әкелген екен.

Қазіргі уақытта тергеушілерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, оларды абақтыға қамаған.

XS
SM
MD
LG