Ссылки доступа

Алексей Навальный Владимир Путинді сотқа бермек


Алексей Навальный
Алексей Навальный

Коррупциямен күрес қорының негізін қалаушы Алексей Навальный Ресей президенті Владимир Путин мен оның әкімшілігін сотқа беретінін мәлімдеді. Оппозиционер жергілікті билік Кремльдің нұсқауымен сайлаушылармен кездесуге тыйым салып жатыр деп есептейді.

Навальный өзінің блогында жергілікті қалалардың әкімшілігі күннен күнге акция өткізуге тыйым салып жатқанын жазған. Оның сөзінше, Кремль шараға өзінің жақтастары көптеп жиналады деп қауіптенеді.

Алексей Навальный Ресейдің 40–50 ірі қаласы әкімшілігі өзін сайлаушыларымен кездестірмей, заңды өрескел бұзып отыр дейді. Оппозиционер бұдан былай акцияны басқа форматта өткізетінін мәлімдеді. Жекеменшік жерде және жеке ғимаратта өтетінін ескертті.

Навальный 2018 жылы өтетін президент сайлауына қатысуға ниетті. Ресей билігі болса, "Кировлеса" ісі бойынша сотталғаны болғандықтан, сайлауға түсе алмайды дейді. Бірақ оған қарамастан саясаткер сайлауалды кампаниясын жүргізіп жатыр.

Навальный штабы Ресейдің 80 қаласында ашылған. Қазір ол аймақтарды аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Көптеген қалалардың әкімшілігі кездесу өткізуден бас тартып жатыр. Навальный мұны Кремльдің үрейімен байланыстырады.

XS
SM
MD
LG