Ссылки доступа

ТМД елдерінің үкімет басшылары Ташкентте кездеседі


Бүгін, 2 қарашада Ташкентте ТМД елдері үкімет басшылары кездеседі. Үкімет басшыларының жиналысы 3 қарашада өтеді.

Өзбекстан ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ташкент алғаш рет үкімет басшыларын қабылдайды. Кездесуге Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан премьерлері және ТМД Атқарушы комитетінің басшысы Сергей Лебедев қатысады.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев саммитке қатысушыларды қабылдайды деп жоспарланған.

Форумның күн тәртібінде 18 құжат талқыланады. Олар ұйым елдері қарым-қатынасын дамытуға арналған.

Саммит аясында жекелеген кездесулер де өтеді. Қазақстан мен Қырғызстан премьерлерінің шекарадағы жағдайға қатысты кездесу-кездеспеуі туралы мәлімет жоқ.

XS
SM
MD
LG