Ссылки доступа

Қырғыз парламенті Құмтөрдегі екі мұздықты бұзуға рұқсат береді


Парламент комитеті 31 қазанда Су кодексіне өзгерту енгізді. Енді Давыдов және Лысый мұздықтарының орнында алтын өндіруге болады. Құжат мұздықтарды көшіруге, яғни сол арқылы оны бұзуға рұқсат береді. Түпкілікті шешім парламенттің жалпы отырысында қабылданады.

Үкімет мұндай шешімнің экономикалық тиімділігін ескеріп, мұздықтардың еріп бітуге шақ қалғанын алға тартты.

Centerra Gold Inc. компаниясына алтын өндірісі үшін мұздықтардың орнын алмастыруге рұқсат беру төңірегіндегі дау 2014 жылдан бері созылып келеді. 2015 жылы заң жобасы екі оқылымда қабылдады, бірақ жекелеген депутаттар мен қоғамның қарсылығынан соң, құжат кері қайтарылған.

Давыдов және Лысый мұздықтары алтын кенінің орталық карьеріне жақын орналасқан.

"Құмтөр" кеніндегі өндіріске канадалық Centerra Gold Inc. компаниясы жетекшілік етеді. Қырғызстанның онда 26 пайыз үлесі бар.

Қырғызстанда 2025 жылға таман мұздықтардың жалпы көлемі 30-40 пайызға қысқарса, 2100 жылы толық жойылып кетуі мүмкін. Бұл туралы Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев биыл қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясының 72-сессиясында мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG