Ссылки доступа

"Хроники Туркменистана" сайты редакторының анасының пәтерін таспен атқылаған


29 қазанға қараған түні белгісіз біреулер "Хроники Туркменистана" сайтының деракторы Фарида Тухбатуллиннің анасының пәтерін таспен атқылаған.

Басылым мәліметіне қарағанда, пәтер терезелері сынған, Халида Избастинова зардап шекпеді. Оқиға орнына келген полиция балконнан бірнеше кірпіш тапқан.

Бұның алында, 28 қазанда кешке оның телефонын сөндіріп тастаған. Халида Избастинова 76 жастағы зейнеткер. Ол 40 жылдан астам уақыт мектепте тарих пәнін оқытты.

"Хроники Туркменистана" редакциясы бұл әрекетті Фарид Тухбатуллиннің журналистік қызметімен байланыстырып отыр.

XS
SM
MD
LG