Ссылки доступа

Өзбекстан: қайтадан жүргізілген сараптама Нурилло Отахановтың кітабын "экстремистік" деп таныды


Өзбекстан баспа және ақпарат агенттігінің сарапшылары жазушы Нурилло Отахановтың "Бұл күндер" («Бу кунлар») кітабын үшінші рет талқылап, онда "конституциялық құрылымға қарсы" бағытталған материалдар бар деген ресми шешім шығарды. Бұл туралы жазушы өзінің дереккөзінен естіген.

Даулы кітапқа осымен екінші мәрте сараптама жүргізіліп отыр. Бұған дейін Дін істері жөніндегі комитет бұл кітапты "экстремистік" деп таныған. Нурилло Отаханов 1 қазанда босап шыққалы бері тергеу шақыртпағанын айтты. Жазушының айтуынша, екі апта бұрын оның төлқұжатын қайтарып берген.

"Одан соң мен Фергана алқабына барып қайттым, маған ешкім шектеу қойған жоқ", - деді Отаханов.

63 жастағы өзбек жазушысы Нурилло Отаханов Түркияда екі жыл бас сауғалауға мәжбүр болды. Ол 27 қыркүйекте елге оралған кезде ұсталды.

"Бұл күндер" кітабында Өзбекстан билігіне сын айтылған. Ресми Ташкент бұл кітапты рұқсат етілмеген әдебиет тізіміне қосты.

XS
SM
MD
LG