Ссылки доступа

Тәжікстан жастар қылмысын азайтқысы келеді


Құқыққорғаушылар мен білім беру жүйесінің қызметкерлері тәрбиелеу қиын жасөспірімдермен жұмыс жасай бастады. Тізімде төбелескіш 222 оқушының есімі бар.

Бұл тізімде Душанбе мэрі Рустам Эмомали жасатқан. Өйткені биыл астанада жастардың төбелесі жиілеп кеткен.

2016 жылы Тәжікстанда 5 мыңнан астам қылмысты жастар жасаған. Жастардың жаппай төбелесін болдырмауды биыл жыл басында тәжік президенті Эмомали Рахмон тиісті мекемелерге тапсырған еді.

Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, тоғыз айда қоғамдық тәртіпті бұзған 3 мың оқушы тіркелді.

XS
SM
MD
LG