Ссылки доступа

Астана: Қырғызстаннан тауар жөнінде ақпарат күтеміз


Қазақстанның қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитеті төрағасының орынбасары Ғұсман Әмрин қырғызстандық әріптестерінен еліне жөнелтілетін тауар жөнінде ақпарат күтетінін мәлімдеді.

«Қарым-қатынас кәсіби деңгейде. Біз бір ғана жол - бірлесіп жұмыс істеу екенін дәлелдеуге тырысып жатырмыз. Бұл тазалықты көтереді», - деді Әмрин журналистерге.

Әмриннің сөздерінше, өткен аптада Қазақстан екі ел арасындағы келісімге сәйкес, қандай тауарлар қандай бағамен түсіп жатқаны жөнінде ақпарат берген. «Бірақ әлі жауап алған жоқпыз. Бұл шара қол қойылмаған жол картасында көрсетілген», - деді ол.

Қырғызстанмен шекарада туындаған проблеманың себебін Ғұсман кеден, салық, фитосанитарлы және көлік заңдарының бұзылуымен түсіндіреді. «Бұл біз емес, Еуразиялық экономикалық комиссияның мониторингі көрсеткен дәлелі»,- деді ол.

Ол егер қырғыз тарапынан ақпарат келмейтін болса, бақылауды одан сайын күшейтетінін жеткізді. «Егер олар [қырғыз тарабы] бізге ақпарат бермей, бірігіп жұмыс істеуден бас тартатын болса, заңды бұзуға жол бермес үшін, бақылауды күшейтуге мәжбүр боламыз», - деп мәлімдеді Әмрин.

10 қазаннан бастап Қазақстан Қырғызстанмен шекараны бақылауды күшейтті.

XS
SM
MD
LG