Ссылки доступа

Санкт-Петербургте 30-дан астам тәжік мигранты түскі астан уланған


30-дан астам тәжіктің еңбек мигранты 30 қазанда Боткин ауруханасына «сальмонеллез» диагнозымен жеткізілген. Қазір олардың жағдайы бір қалыпты деп бағаланады.

«Народный» универсамындағы тәжік бригадасының жетекшісі Джовид Абдуллоев қазір ауруханада 14 адам, үйлерінде 15 адам ем қабылдап жатқанын жеткізді.

Оның айтуынша, дүкенде жұмыс істеп жүрген жұмысшылар жарамсыз қарақұмық жеп уланған. «Народный» дүкені желісінде 500-ден астам тәжік мигранты жұмыс істейді екен.

Жұмысшылар универсам ішіндегі асханадан тамақтанған. Кейбір мигранттар басшылықтың "ауруханадан көмек сұрайтын болсаңдар, жұмыстан шығарамыз" деп қорқытқанын мойындады. Дүкенде жұмыс істейтіндер жұмысшылардың уланғанын жоққа шығармады.

XS
SM
MD
LG