Ссылки доступа

Кремль Навальный митингісіне тыйым салуына қатысымыз жоқ деді


Владимир Путин мен Дмитрий Песков

Кремль Ресей президенті әкімшілігінің митингіге рұқсат етуге не тыйым салуға қатысы жоқ деп мәлімдеді. "Бұл біздің құзырымыздағы шаруа емес", – деді мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Дождь" телеканалына.

Ол сонымен бірге Алексей Навальныйдың Владимир Путинді сотқа берем деген ниетіне түсініктеме берді. Оппозиционер Ресейде ондаған жергілікті билік өкілдері Кремльдің нұқсауымен сайлаушыларымен кездесуге тыйым салып жатыр деген.

Навальный 2018 жылы өтетін президент сайлауына қатысатынын мәлімдеді. Соңғы айда ол елді аралап үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жүр. Алайда көптеген қала әкімшілігі оған митинг-кездесу өткізуге рұқсат бермей жатыр. Навальный штабының еріктілері мен белсенділері соңғы уақытта түрлі шабуылға тап болуда. Бірақ соған қарамастан, Навальный аймақты аралауын жалғастырып жатыр.

XS
SM
MD
LG