Ссылки доступа

Саипов сотта өкінбейтінін айтып, ИМ жалауын палатасына іліп қоюын сұраған


Саипов в суде заявил, что не раскаивается и попросил повесить у него в палате флаг ИГИЛ
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:14 0:00

Нью-Йорк соты 29 жастағы Өзбекстан тумасы Сайфулло Саиповқа терроризм ісі бойынша және террористік ұйымдарға ақшалай қолдау көрсетіп келген деген айып тақты: ол жүк көлігімен 8 адамды басып өлтіріп, 12 адамды жаралаған. Саипов сотта ісіне өкінбейтінін, "одан да көп адам өлтіргісі келгенін" айтты.

Теракт Нью-Йоркте 31 қазанда болды. Сотта тұтқындалған Өзбекстан тумасы әдейі осы күнді таңдап алғанын: себебі Хэллоуинді мерекелеуге көшеге адам көп шығады деген.

Ол сонымен бірге бұл акциясын бір жыл бойы жоспарлағанын, дайындықты соңғы екі айда жүргізгенін айтқан. Ол бұл ісіне еш өкінбейтінін білдірген. Керісінше, ол көп адам жүретін Бруклин көпіріне дейін барғысы келгенін, бірақ аяқ астынан автобусқа соғылдым деген.

Теракт в Нью-Йорке: уроженец Узбекистана сбил на грузовике 8 человек
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:08 0:00

Сотта Саиповты арбаға таңылған күйде жеткізілді. Ол операциядан кейін өзін жақсы сезінетінін мәлімдеді. Ол өз-өзіне қарсы куәлік етуден бас тартты. Ол "Ислам мемлекеті" (ИМ) террористік тобының видеосын көріп, шабыттандым деген. Жүк көлігін ол 22 қазанда жалға алып, Хэллоуин күні шабуыл жасау үшін алдын ала дайындалған.

Ол өзінің ауруханадағы жатқан бөлмесіне ИМ жалауын іліп қоюын сұраған.

Полиция Саиповке теракт жасады дегеннен бөлек, террористік ұйымдарға ақшалай қолдау білдіріп отырды деген айып тақты.

Ташкентте туып-өскен ол лотереядан грин карта ұтып алып, Америкаға 2010 жылы көшіп кеткен. Онда ол 21 жаста болған. Ол Флоридада тұрған, сосын Огайоға көшіп барған. Соңғы уақытта Нью-Джерсиде тұрып келген. АҚШ-тағы оның таныстары Саиповты радикалды исламшыл ретінде емес, үнемі қаржы проблемасымен жүретін агрессивті адам ретінде сипаттаған.

Ташкентте Саипов отбасы діни емес, бақуатты отбасы ретінде сипатталады. АҚШ-қа дейін ол Ташкентте қаржы саласы бойынша ЖОО бітірген. Ташкент қонақ үйінің бірінде бухгалтер болып жұмыс істеген.

Нерелигиозная семья среднего класса – что известно о семье Сайфулло Саипова
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:04:21 0:00

Саипов жихадшылар идеясына АҚШ-та жүріп қызыға бастаған.

ФБР терактіге байланысты 34 жастағы Өзбекстан азаматы Мухаммадзоир Қадыровты ұстағанын мәлімдеген.

Как жил исполнитель теракта в Нью-Йорке Сайфулло Саипов – репортаж из города Патерсон
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:00 0:00

XS
SM
MD
LG