Ссылки доступа

Қырғызстан қазақ компаниясының Бозумчак кенін өндіруге қайтадан рұқсат берді


Қырғызстанның өнеркәсіп, энергетика және жер қойнауын пайдалану жөніндегі мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, Жалал-Абад облысы Ала-Букин ауданында орналасқан Бозумчак комбинатында жоспардан тыс тексеру кезінде экологиялық және техникалық қауіпсіздік бұзылғаны анықталып, 1 қарашада оның жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданған.

"Қаз Минерал Бозымчак" компаниясы олқылықтарды түзеп, айыппұлын төледі. Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі комиссия 3 қарашада Бозумчак карьерін өндіруге лицензияға рұқсат беру туралы шешім шығарды", - делінген комитет хабарламасында.

Еске салайық, 2 қарашада қазақстандық Kaz Minerals компаниясы Қырғызстан үкіметінің Бозумчак мыс-алтын кеніндегі жұмысты үш айға тоқтатқанын хабарлаған.

Лондон биржасында тіркелген бұл компанияның хабарлауынша, қырғыз үкіметі мұндай шешімнің себебін түсіндірмеген. Kaz Minerals өз шахталарының барлық талаптарға сай екендігін айтып отыр.

Kaz Minerals Қырғызстанның Бозумчак кенінде 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мәліметтерге қарағанда, мұнда 7000 тонна мыс және бір тоннадан астам алтын өндірілген.

XS
SM
MD
LG