Саидмукаррам Абдулкодирзода Тәжікстандағы мұсылмандар тыныштығы үшін қызметінен кез келген уақытта кетуге дайын екенін мәлімдеді. "Тәжікстанда тыйым салынған ағымдарға қосылып кеткен бірнеше имам-хатиб ұсталып, жазаланды. Мұндай бастама маған байланысты қабылданған болса, онда мен ел тыныштығы үшін бұл қызметтен кетуге дайынмын. Өйткені мен 1990-жылдардағы қайғылы оқиғалардың қайталанғанын қаламаймын», - деді ол.
Комитеттің баспасөз хатшысы Афшин Мукимнің хабарлауынша, мұндай шешім 28 қазанда қабылданған, оған комитет төрағасының орынбасары Әмірбек Бекназаров қол қойған. "Бұл шешімнің заңсыз білім алған имам-хатибтерге ғана қатысы бар", - деді ол.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Дін комитетінің аймақтардағы басқармаларына жолдаған телефонограммасының көшірмесі жарияланған еді. Онда комитет шетелде білім алған имам-хатибтерге қызметтен өз еркімен кетуге екі апта уақыт беретіні айтылды.
Телефонограммада мұндай шешімнің бұған дейін шетел медреселерінде білім алған бірнеше имамның елдегі қылмыстары әшкереленген соң қабылданғаны айтылды.