Ссылки доступа

Ресейде Мальцевтің революция туралы мәлімдемесінен кейін жүздеген адам ұсталды


Ресейде тыйым салынған "Артподготовка" қозғалысының акциясына қатысты деген айыппен 400-ден астам адам ұсталды. Соңғы мәліметтер бойынша, Мәскеуде 376 адам, Санкт-Петербургте 13 адам тұтқындалған. Сонымен бірге Краснодар, Красноярск, Пермь, Ростов-на-Дону, Саратов пен Омскіде де ұсталғандар туралы хабарланды.

Мемлекеттік ақпарат агенттіктері аттары аталмаған дереккөздеріне сүйеніп, ұсталғандарды тексеру кезінде суық қару табылды деп хабарлады. Соңғы мәліметтерге қарағанда, полиция Мәскеу орталығында кездейсоқ кетіп бара жатқан адамдарды да тұтқындаған. Полиция көлігіне Pokemon Go-да ойнайтын жеткіншектер түскен. Кейбір белсенділерді жаппай тәртіпсіздікке, терроризмге шақырды деген іс бойынша тергеп жатқан көрінеді.

Осының алдында оппозициялық саясаткер Вячеслав Мальцев ("Артподготовка" қозғалысының жетекшісі) 5 қараша 2017 жылы революцияның басы деп мәлімдеген. Оның сөздеріне қарағанда, осы күні билікті ауыстыруға әкелетін Ресейдің барлық аймақтарында жаппай наразылық акциясы өтеді.

Задержания в центре Москвы, 5 ноября 2017
Задержания в центре Москвы, 5 ноября 2017

Задержания на Манежной
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:20 0:00

Таяуда Мәскеуде Мальцевтің жақтастарын жаппай ұстады. ФСБ "Артподготовка" белсенділері әкімшілік ғимараттарын өртеп, полицияға шабуыл жасамақ болды дейді.

Шілде айында Мальцевтің өзі елден қашып кеткен. 10 қазанда Мәскеу аудандық соты оны сырттай қамауға алған.

XS
SM
MD
LG