Ссылки доступа

CASA-1000 жобасына сай Қырғызстан Тәжікстанға дейін 450 км желі салу керек


CASA-1000 жобасын жүзеге асыру үшін Қырғызстанда "Датқа" электр станциясынан Тәжікстан шекарасына дейін 450 км электр жеткізу желісін салу қарастырылып жатыр. Бұл жөнінде Қырғызстанның ұлттық энергия холдингі хабарлайды.

Жоба бойынша, "Датқа" электр станциясынан Тәжікстандағы «Худжент» электр станциясына дейін сағатына 500 кВ тоқ жеткізіледі. Одан әрі қарай Ауғанстан арқылы Пәкістанға барады.

CASA-1000 жобасы Қырғызстан электр энергиясы экспортын Тәжікстан, Пәкістан және Ауғанстанға экспорттауға арналған. Жобаның жалпы құны 1 млрд доллар. Оның 233 млн доллары тікелей Қырғызстанға беріледі.

2016 жылдың 12 мамырында тәжіктің Тұрсынзада қаласында CASA-1000 жобасының ресми ашылу салтанаты болды.

Қырғызстан бұл жобаны келесі жылы бастап, екі жыл ішінде аяқтауды қолға алып отыр.

XS
SM
MD
LG