Ссылки доступа

Тәжікстанда секс-азшылық өкілдерінің құқығын қорғайтын ұйым жабылды


Тәжікстанның солтүстігінде секс-азшылықтың құқығын қорғайтын қоғамдық ұйым қызметін тоқтатты. «Рохи зиндаги» (Өмір жолы) үкіметтік емес ұйымы жеті жыл бойында Соғды облысы, Бустон ауданындағы әлсіз топтарды қорғап келген.

«Рохи зиндаги» ұйымының жетекшісі Альбина Ишкуватова құқық қорғау органдары тарапынан сансыз тексеруден кейін, ұйым қызметін туралы шешімге келдік дейді.

Оның сөздерінше, прокуратура ұйымның қаржылық көзін тексерген. Бірақ грантты мақсатсыз жұмсағаны жөнінде дәйек таппаған.

«Тек болмашы кем-кетіктер тапты. Еңбек кітапшасында қызметкерлердің жеке беттері толтырылмаған деді. Біздің қызметкерлердің білімі жұмысқа сай келмейді деді. Бізге ескерту жасады. Біз тексеруден шаршадық», - дейді Альбина Ишкуватова.

Көптеген қоғамдық ұйымдар "Коррупцияға қарсы күрес туралы" және "Қоғамдық ұйымдар туралы" заңға өзгерістер енгізілгеннен кейін жұмыс істеу қиындап кеткенін айтып, шағымданады.

XS
SM
MD
LG