Ссылки доступа

Қоқанда колледж студенті сыныптасына пышақ сұққан


Қоқанда мұнай және газ өндірісі кәсіби колледжінің 16 жастағы студенті Сұлтан Газиев 3 қарашада өзінің курстасы Ұлықбек Якубовқа пышақ сұққан.

Куәгерлердің сөздерінше, оқиға оқу ғимаратында болған. Жарақат алған студент аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.

Колледже оқитын студенттің бірі екі жеткіншектің ұзақ уақыт бойында кикілжіңде болғанын айтады.

"Сабақтан соң олар төбелесу үшін есік алдына шықты. Ал қалғандары бақылау үшін, соңдарынан ерді. Екеуі төбелесіп кетті. Сұлтан қалтасынан пышақ алды да, Ұлықбектің ішіне сұғып алды. Сосын қашып кетті. Біз "жедел жәрдем" шақырдық", – дейді куәгер.

Оқу орнының оқытушысы бұл оқиғаны растады.

"Сұлтан Газиевтің тәртібі нашар. Оған осыған дейін де шағымдар түсетін. Біз учаскелік инспекторге бұл баланың үстінен арыз жаздық. Сұлтанның әкесі түрмеде, біз оның анасына ұлының тәртібі туралы бірнеше рет айттық. Оның пышақты қайдан алғаны белгісіз. Қазір онымен құқық қорғау органдары өкілдері айналысып жатыр", – дейді оқытушы.

Қоқанд қаласы ішкі істер басқармасы Газиевті ұстап, оған қатысты қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG