Ссылки доступа

Өзбекстан: оппозициялық белсендіге журналист Абдуллаев ісі бойынша айып тақты


Оппозициялық «Эрк» партиясының белсендісі Ислам Холбойды тәуелсіз журналист Бобомурод Абдуллаев ісі бойынша айыптап жатыр. Қазір үш адам осы қамауда отыр.

Түркияда тұратын белсенді Ислам Холбойды журналист ісі бойынша сырттай айыптап жатқаны туралы Өзбекстан тәуелсіз адам құқығын қорғаушыларының бастамашыл тобының төрағасы Сурат Икрамов хабарлады.

"Бұл кісінің отбасы Бұхарада түрады. Ұлттық қауіпсіздік қызметінің өкілдері оның үйіне де барған. Холбойды нақты қандай айып бойынша ұстап отқаны әзірге белгісіз. Олардың көздегені - Мұхаммед Салих. Оны басты айыпкер жасағысы келеді деп ойлаймын", - деді Сурат Икрамов.

Холбойдың өзі Бұхарадағы туыстарының үйіне арнайы қызмет өкілдері барғанын растады.

"Айыптаулар журналист Бобомурод Абдуллаев ісіне қатысты болуы мүмкін. Өйткені мен "Усман Хакназаров кім?" деп аталатын мақала жазғанмын. Мен Бобомуродовпен таныспын. Соңғы 3-4 жылда біз әңгімелесіп жүрдік", - деді ол.

Тәуелсіз журналист Абдуллаев қыркүйектің аяғынан бері Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу абақтысында отыр. Оған билікті басып алу және конституциялық құрылымды жою мақсатында қастандық ұйымдастырған деген айыппен қылмыстық іс қозғалған. Оны 2003 жылы Интернетте саясаткер Усман Хакназаров бүркеншік атымен мақалалар жариялаған деп айыптады.

XS
SM
MD
LG