Ссылки доступа

Өзбекстан қырғыз тауарларын сатып алуға дайын


Қырғызстан экономика министрі Артем Новиковтың мәлімдеуінше, Өзбекстан қырғыз тауарларын сатып алуға дайын отыр, деп хабарлады жергілікті ақпарат құралдары. Қырғыз-қазақ шекарасындағы қиындықтардан соң Қырғызстан өз өнімдерін өткізетін балама нарық іздестіріп жатыр.

Новиковтың айтуынша, Ташкентте бірнеше екі жақты келісімдер қабылданған. Оның айтуынша, Қырғызстан Өзбекстанға картоп, сүт өнімдерін, құрылыс тасы мен көмір ұсына алады.

"Жақында өзбек әріптестермен бизнес-диалог дайындауға кірісеміз, ол біздің кәсіпкерлерге өз өнімдерін ұсынуға мүмкіндік береді", – деді ол.

Бұған қоса Новиков қытайлармен әріптестік мәселесі қарастырылып жатқанын айтты.

Қырғыз президенті бұған дейін Алмазбек Атамбаев өнімдер өткезетін балама нарық табу керектігін мәлімдеген. Бұнымен қоса қырғыз президенті Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолын тез арада жоспарлап, салуды ұсынған.

XS
SM
MD
LG