Ссылки доступа

Душанбеде жөндеу төңірегіндегі жанжалдан соң Айни атындағы саябақ ашылды


Тәжікстан астанасында жөндеу төңірегіндегі жанжалдан соң Садриддин Айни атындағы саябақ қайта ашылды. Оның ашылу салтанатына Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон мен Душанбе мэрі Рустами Эмомали қатысты.

Тәжікстан басшысы Айни ескерткішіндегі жабуды салтанатты түрде ашты. Қонақтар саябақпен танысып шықты. Жөндеуден соң мұнда 1200 орындық амфитеатр, әкімшілік ғимараты, демалыс орындықтары, балалар алаңқайы, 8 бұрқақ, автотұрақ пайда болған.

Саябақты Соғды облысына жөндеуге тапсырған. Жобаға «Сугдшахрофар» ААҚ және тағы бес соғдылық компания жауапты болған.

Жөндеу кезінде саябақтағы танымал саясаткерлер, ғалым-жазушылардың сүйектерін басқа орынға көшірген. Мұнда тек тәжік қаламгері Садриддин Айнидің сүйегі ғана қалды.

XS
SM
MD
LG