Ссылки доступа

Paradise Papers: жемқорлық қылмыстарын әшкерелейтін қыруар құжат жарияланды


Халықаралық журналистік зерттеу консорциумы "панамалық досьелерге" пара-пар болатын жаңа қыруар құжат жариялады.

Халықаралық журналистік зерттеулер консорциумына кіретін репортерлер салықтан жалғарған саясаткерлердің жаңа схемасын ашты. Олар шамамен 13,4 миллион құпия құжатты зерттеген.

"Жұмақ досьесі" немесе "Жұмақ аралдары файлдары" (Paradise Papers) деп аталып кеткен зерттеулер 5 қарашада жарияланды. Құжаттардың біраз бөлігі америкалық президент Дональд Трамптың әкімшілігіндегі жоғары лауазымды тұлғалардың Ресей президенті Владимир Путин жақтастарымен іскер байланыстары туралы.

Мысалы, файлдарда америкалық сауда министрі Уилбур Ростың есімі аталады. Оның Ұлыбританияда орналасқан Navigator Holdings компаниясында коммерцялық мүддесі бары, бұл компания Ресейдің ірі "Сібір" мұнай-химия холдингімен байланысы бары әшкереленді. Бұл туралы "Неміс толқыны" хабарлады.

XS
SM
MD
LG