Ссылки доступа

Сирияда автокөлік жарылысынан 75 адам қаза тапты


Сирияның Дейр-әз-Зор провинциясындағы терактіден ондаған босқын қаза тапты. Сириялық адам құқығын қорғау орталығының мәліметіне қарағанда, 5 қарашада сириялық босқындар лагерінде автокөлік жарылысынан 75 адам қаза тауып, 140 адам жараланған.

Азаматтық соғыстан бассауғалаған босқындар Дейр-әз-Зорды паналап келген.

Шабуыл жауапкершілігін әзірге ешкім мойнына алған жоқ. Осыған ұқсас басқа да шабуылдарды "Ислам мемлекеті" террористік ұйымының қарулы тобы жасаған.

Бірнеше күн бұрын сириялық үкімет Дейр-әз-Зор қаласына толық бақылау орнатқанын жариялады. "Ислам мемлекеті" жасақтары Сирияның шығысындағы шөлді аймақтарға шегінді.

XS
SM
MD
LG