Ссылки доступа

Ташкентте мешіттерге дауыс зорайтқыш қолдануға рұқсат берілді


Ташкенттің кейбір аудандарындағы ірі мешіттерде азанды дауыс зорайтқыш арқылы шақыра бастады. Өзбекстанда соңғы 10 жыл бойында азан тек мешіттің ішінде оқылып келген.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметі бойынша, Әндіжан және Ферғана облыстарының мешіттерінде елді намазға дауыс зорайтқыш арқылы шақыра бастаған.

Ташкенттегі тәуелсіз журналист Абдурахман Ташановтың хабарлауынша, астанананың кейбір мешіттерінде де азан дауысы қатты естіле бастаған.

Ташкент мешіттері бірінің имам-хатибы жергілікті имамдар өздерінің бастамасымен дауыс ұлғайтқышты пайдалана бастаған. Оған билік тарапы ешқандай қарсылық көрсетпеген.

Ресми мәлімет бойынша, қазір Өзбекстанда 2 037 мешіт бар. Онда бес мыңнан астам имам жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG