Ссылки доступа

Түркіменстандықтар енді шетелде тәулігіне тек 50 доллар жұмсай алады


Түркіменстан банктері шетелде банк карталары арқылы берілетін ақшаның көлемін тағы қысқартты. Енді шетелде жүрген азаматтар карталарынан күніне 50 доллардан ғана ала алады. Осыған дейін тәулігіне 200 долларға дейін болған.

Түркіменстанның сыртқыэкономбанкі банк карталарын пайдалануда жаңа өзгеріс енгізуін, ақшаны мақсатсыз жұмсаудың алдын алу деп түсіндіреді. Банктің түсіндіруінше, шетелде жүрген азаматтардың күнкөруіне тәулігіне 50 доллар жеткілікті.

Бірақ карталарына кез-келген сомада ақша толтыра алады.

Сонымен бірге жаңа ережеге сәйкес, түркімен азаматтары бұдан былай төлемнің барлық түрін тек банк карталары арқылы жүзеге асырады.

Түркіменстанда ақша айырбастауға 2016 жылдың басында тыйым салынған. Бүгінгі күні ұлттық валюта - манат елдегі жалғыз айырбастау валютасы.

XS
SM
MD
LG