Ссылки доступа

Тәжікстанда кітапты жалға алуда мектептердің қарызы 3 млн долларға жеткен


Тәжікстан білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, мектептердің кітаптарды жалға алу бойынша қарызы 27 млн сомониға (3.1 млн АҚШ доллары) жеткен. Мекеме барлық мектептерден қарызды қайтаруды талап етіп жатыр.

Бір ғана Хатлон облысында мектептердің қарызы 7 млн 380 мың сомони (840 мың АҚШ доллары) болған. Енді мектеп директорлары, сынып жетекшілері үй-үйді аралап, ата-анадан оқушылар кітабының ақшасын жинап жүр.

Кейбір ақпаратқа қарағанда, Раш ауданының мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары итмұрын, грек жаңғақтарын теріп сатып, металл мен макулатура өткізіп, одан түскен ақшаны министрлікке жіберіп жатыр.

Қорған-Төбе қаласындағы баспахана қызметкері Давлатмурод Эшмуродов соңғы он бес жылда миллиондаған қарыз жиналып қалған. Оның сөздерінше, білім министрлігі оқулықтарды қайта басып шығару үшін, мектептер қысқа мерзім ішінде қарызды жабу керек.

Тәжікстанның білім және ғылым министрлігі мектептерге оқулықты үш жылға жалға береді. «Үш жыл өткеннен кейін, оқулық мектептің меншігі болып қалады. Кітапты жалға бергеннен түскен ақша кітапхананы ұстауға және мұғалімдердің айлығын төлеуге кетеді», - деп түсіндіреді білім министрлігі.

XS
SM
MD
LG