Ссылки доступа

Ресейде полиция ұрлықты ашқан Нижнекамск тұрғындарын соққыға жыққан


Нижнекамск полициясы ұрлық туралы шағым түсіріп, бірақ артынша қылмысты өздері ашқан тұрғындарды ұрып-соққан. Бұл жөнінде Азаттықтың орыс қызметіне жәбірленушінің әйелі хабарлаған.

Іс 22 жастағы Ильназ Пиркин туралы. Жас азамат қазан айында бөтен көліктен автомагнитол мен өзге заттар ұрлаған. Көліктің иесі бірден полицияға арыз түсірген. Бірақ жәбірленуші ұрланған заттарын "Авито" сайтынан көреді. Полиция әрекетсіздігінен, ол досымен ұрыларды тауып, ұрланған заттарын толық қайтарып алады.

Кейін бұл жөнінде полиция қызметкерлері біледі. 25 қазанда олар жәбірленуші мен досын соққыға жыққан. "Полиция қызметкерлері қылмысы ашылған істі өздерінің аттарына жаза алмағандықтан көңілдері толмаған болар", - дейді жәбірленушінің әйелі.

Ал ұрлық жасаған Ильназ Пиркин 19 қазанда ішкі істер департаменті өкілдерінің азаптауына шыдай алмай, өзіне қол жұмсаған. Кейін белгілі болғандай, 2 қарашада полиция жас жігітке ұрланған 47 көлікті мойнына ілген. Пиркиннің өлімі бойынша үш полиция қызметкері ұсталған.

XS
SM
MD
LG