Ссылки доступа

Қырғызстанда Тарих және бабалар мұрасы күнін атап өтіп жатыр


Биыл 7-8 қарашада Қырғызстанда алғаш рет Тарих және бабалар мұрасы күнін атап өтеді. Бұған дейін 7 қараша республикада Қазан төңкерісі күні еді. Президент Алмазбек Атамбаев 26 қазанда тиісті жарлыққа қол қойды.

Сол арқылы қырғыз билігі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс пен қайғылы оқиғаларға тарихи баға берілгенін қалайды.

Бұған қоса парламентке Ленин шыңын Манасқа ауыстыру туралы заң жобасын дайындауға кеңес берілді.

"Тарихтан сабақ алу арқылы ғана Қырғызстанның даму бағытын дұрыс таңдауға болады", - делінген президент аппараты таратқан хабарламада.

Қырғызстан басшылығы бастамасын сынағандар да болды. Ресей мемлекеттік думасының вице-спикері Игорь Лебедев бұл өзгерісті "достыққа жат қадам" деп атады.

XS
SM
MD
LG