Ссылки доступа

HRW түркімен адам құқығын қорғаушының анасының үйіне жасалған шабуылды айыптады


Халықаралық Human Rights Watch (HRW) адам құқығын қорғау ұйымы түркімен адам құқығын қорғаушының анасының үйіне жасалған шабуылды айыптады.

Қазір шетелде тұратын Фарид Тухбатуллиннің Түркіменстанның солтүстігіндегі Дашоғыз қаласында тұратын анасының үйіне шабуыл жасалды.

Human Rights Watch ұйымының 6 қарашада таратқан мәлімдемесінде түркімен билігін қылмысты әділ зерттеуге шақырды. Мәлімдемеде айтылғандай, 28 қазанда белгісіз біреулер Халида Избастинованың пәтерін таспен атқылаған. Терезе сынған, үй иесінің телефоны сөндірілген болып шықты. Избастинованың өзі аман, бірақ жедел жәрдем шақыртуға тура келген.

"Шабуыл бекер емес", - деп есептейді HRW ұйымының Еуропа және Орталық Азиядағы директорының орынбасары Рэйчел Денбер. "Мұндай жағдай әдетте биліктің белсенділерді бақылауға ұстауға тырысуынан болады. Биліктің қолы Тухбатуллинге жетпей отыр, сол себепті олар ескертудің басқа да амалдарын қарастыруға кіріскен", - деді Денбер.

XS
SM
MD
LG