Ссылки доступа

Тәжікстан Өзбекстаннан қайтадан газ сатып ала бастайды


Душанбе мен Ташкент өзбек газын Тәжікстанға қайтадан жеткізе бастау мәселесін талқылап жатыр. Келіссөздердің Ташкентте өткен екінші раундында өзбектер газдың мың текшеметріне шамамен 150 доллар сұрады.

Тәжіктер ұсынылған бағаны қарастырып жатыр, деді "Тәжікстансгаз" компаниясының бас бухгалдері Олимджон Рахимов.

Оның сөзіне қарағанда, тараптар ортақ шешімге келген жағдайда, құжатқа Ташкентте желтоқсан айында қол қойылуы мүмкін.

Өзбекстан Тәжікстанға газ жеткізуді 2012 жылы доғарды. Бұл шешімін ол Ресей мен Қытайға экспорт көлемі артқанымен түсіндірген. 2011 жылы көрші ел шамамен 370 млн текшеметр газ сатқан.

Газдың аздығынан Тәжікстан бірқатар өндіріс орындарын газдан көмірге көшіруге мәжбүр болған.

Соңғы жылдары Тәжікстан өзбектермен газға қатысты келіссөздер жүргізуге талпынды, бірақ Өзбекстанның бұрынғы басшылығы одан бас тартып келді.

XS
SM
MD
LG