Ссылки доступа

Ташкентте белгілі журналист Хаeт Хан Насреддинов ұсталды


Ташкентте белгілі блогер, журналист және экономика маманы Хает Хан Насреддинов ұсталды. Хабарларға қарағанда, қазіргі таңда ол Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу абақтысында отыр.

Asiaterra.info сайтының хабарлауынша, Хан Насреддиновты Өзбекстан Ұлттық қауіпсіздік қызметінің өкілдері Ташкентте 20 қазанда ұстаған.

"Оны ұстау себебі белгісіз. Бұған қоса ҰҚҚ қызметкерлері журналис адвокаттан бас тартты деп айтып отыр", - деді журналист Алексей Волосевич.

Оның айтуынша, Насреддиновтың отбасы баспасөзбен сөйлесуден бас тартқан. Соған қарағанда, арнайы қызмет оларға да қысым көрсеткен болуы керек. Оның ұсталуы басқа бір журналист Бобомурод Абдуллаев ісімен байланысты болуы мүмкін, деп болжайды Волосевич.

Хаёт Хан Насреддинов біраз уақыт "Ферғана" ақпарат агенттігіне жұмыс істеген. "Ферғана" бас редакторы Даниил Кисловтың айтуынша, Насреддиновтың ұсталғанына шамамен 15 күн болса да, оны ұстау себебі әлі күнге дейін белгісіз.

Хаёт Хан Насреддинов Өзбекстанда экономика мамандығын алған. Ол экономика ғылымдарының докторы. Соңғы жылдары ташкенттік мектептердің бірінде сабақ берген. Кезінде Насреддинов оппозициялық "Өзбекстан нұрлы коалициясының" мүшесі болғаны үзін азапталған, сол себепті ол елден кетуге мәжбүр болған.

XS
SM
MD
LG