Ссылки доступа

БАҚ: ресейлік тролльдер праймеризге дейін Трампты насихаттай бастаған


Twitter'дегі Ресейге байланысты аккаунттар Дональд Трампты насихаттауды ол 2015 жылы маусымда сайлауға түсетінін жариялаған соң бірнеше аптадан соң бастаған. The Wall Street Journal газетінің журналистері осындай тұжырым жасады.

Америкалық барлау қызметінің сайлау науқанындағы "ресейлік із" туралы қорытынды есепте Трампты насихаттау 2015 жылы желтоқсанда басталды делінген. Ресей АҚШ-тың сайлау процесіне қатысты деген айыптауларды жоққа шығарып отыр.

Алғашқы жазбаларда Трампты мақтап, оның сол кездегі қарсыластары Джеб Буш пен Хиллари Клинтонды даттаған.

Жалған аккаунттар желіде үлкен ықпалға ие болған. Мысалы, Техас тұрғыны атынан ашылған аккаунтта 70 мың фолловер болған, олардың ішіее Тармптың сол кездегі көмекшісі генерал-лейтенант Майкл Флинн және Fox News журналисі Шон Ханнити де бар.

(Америкалық сенатор Ричард Бёрр ресейлік тролльдер Техастағы жанжалды ұйымдастырғаны туралы):

Виртуальные тролли и реальные жертвы
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:53 0:00

XS
SM
MD
LG