Ссылки доступа

Әлемдік БАҚ-қа шолу: "дипломатиялық" шаяннан Мирзияев реформаларына дейін


Әріптестер мен жазылушыларға әлемдік БАҚ-қа шолу деп аталатын жаңа айдар ұсынамыз. Дайджесте әлемдік басылымның не жазып жатқанынан хабардар боласыздар. Егер сіздерге ұнаса, пікір қалдырыңыздар, бізге жазыңыздар.

АҚШ президенті Дональд Трамп 7 қарашада Азия-Тынық мұхит аймағына сапары аясында Оңтүстік Кореяға барды, деп хабарлады Le Monde газеті. Трамптың Сеулдегі келіссөздерінің басты тақырыптарының бірі - Пхеньянның ядролық бағдарламасы болады. Батыс ақпарат құралдары құрметті қонаққа "дипломатиялық шаян" дайындағаны туралы жазды. Шаяндар Оңтүстік Корея мен Жапония таласып отырған Токто аралдарының жағалауынан ауланған. Бұған қоса америкалық президентке 360 жыл бұрын дайындалған соус тартылған.

Каталонияның бұрынғы басшысы испан билігін оның бұрынғы үкіметінің мүшелерін сотпен қатаң қудалады деп айыптады. Британдық ​The Guardian газетіндегі мақаласында Карлес Пучдемон өзімен бірге тағы 13 жақтасының қылмыстық қудалауға ұшырағанын жазды. Оларға тағылған айыптар үшін 30 жыл түрме жазасы белгіленуі мүмкін. Каталонияның бұрынғы басшысы "қылмыстық істі тергеу әділ өтетініне күмән келтірді".

"Сауд Арабиясы және Иран бір-бірімен соғыса ма? Эр-Рияд және Тегеран Таяу Шығыстағы ықпалы үшін өштесіп қалды. Әлем не болатынын қарап отыр", деп жазды Newsweek. Жексенбі күні Сауд Арабиясының зымыранға қарсы қорғаныс күші Тегеран қолдауына иейемендік бүлікші хуситтердің зымыранын қолға түсірді. Эр-Рияд зымыран атуды Иран тарапынан жасалған агрессия деп есептейді, оны әскери әрекет деп қарауы да мүмкін, деп жазды басылым. "Бұл елдер жанжал өршуі мүмкін", деп жазды Newsweek, бірақ бұл жанжалды билік Сауд Арабиясының өз ішіндегі күрестен жұрт назарын бұрып әкету үшін қолданылып отыр. Тақ мұрагері Мохаммад бен Салман саяси бәсекелестерінен арылып жатыр».

Mining Weekly басылымының хабарлауынша, "Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы дипломатиялық және сауда дауы бұл елдерден алыс, Лондонда және Ресейде орналасқан компанияларға кері әсерін тигізіп жатыр. Екі ел шекарасында жүкті өткізуді тежеп жатыр».

Aisa Times басылымының пікірінше, Өзбекстанның жаңа президенті Шавкат Мирзияевтің реформалары "валютаны еркіне жіберу, шетел инвесторларына жаңаша көзқарас, Дүниежүзілік банкпен әріптестік, бірыңғай энергетикалық жүйені қалпына келтіру, Орталық Азиядағы сауда және экономикалық жағдайды жақсарту" секілді жайттарды қамтуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG